Мектеп тарихы » №28 жалпы білім беретін орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№28 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
март
2017

Мектеп тарихы

Оқу орнының атауы - Талғар ауданы Бесағаш ауылы "Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №28 жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Бесағаш ауылы, Құдайбердиев көшесі 149

Қабат саны 2

Құрылыс алаңы 3450

Құрылыс көлемі 3270

Жалпы ішкі алаңы 958,1

Қабырға материалы қызыл кірпіш

Салынған жылы 2003

Мекептің лицензия карточкасы Серия АБ №0141629, статистикалық картасы (тіркелген күні 10.03.2009), мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін №28 орта мектебі мемлекеттік мекемесінің жарлығы №01-24,10ақпан 2009 жылы Талғар ауданы әкімінің шешімімен бекітілген. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі, мемлекеттік мекеме, Бесағаш ауылы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін №28 орта мектептің тіркеу №090900211134 берілген күні 16 қазан 2003 жыл. Жалпы көлемі 2786 м2. мектеп екі қабатты, кірпіштен салынған. Су құбыры, канализация, жарық жүйесі, жылу жүйесі жекеленген. Мемлекеттік еңбек тәртібі өндірістік кеңесте ж. кәсіподақ төрайымының келісімімен бекітілген.

Мектеп үш тілде дәріс береді. Үш жылдың ішінде оқушы саны, сынып комплект саны, қазақ және орыс тілдерінде оқытатын сынып саны төмендегідей болды. 2012-2013 оқу жылында 1098 оқушы, қазақ сыныбының саны 35, орыс сыныбының саны 7, ұйғыр сыныбының саны 9,барлығы 51 сынып комплектісі болды.

Мектепте медициналық қызмет көрсету және тамақтандырумен қамтамасыз етуді растайтын құжаттары бар. Мектеп директоры Абдикалыкова Ж.К. буфет арендаторы А. Пазылбекова -мен өзара келісім бойынша шартқа келіп бекітілген.

Оқушыларды күнделікті ыстық тамақпен және қоғамдық тамақпен қамтамасыз ету туралы мектеп директорының бұйрығына сәйкес тамақтың сапасын арттыру, уақытымен оқушыларды қамтамасыз етуді мектеп мед.бикесі Н.Бтимбаева күнделікті тамақтың сапасын тексеріп, қадағалау жүргізуде. Буфеттің тазалығын, оқушылардың өзін - өзі ұстауы, мәдениеттілігін, тамақтану сапасын бақылау мақсатында комиссия мүшелері міндеттерін атқаруда.

Мектепте мұғалімдер мен оқушылар қауымы заман талабына сай ақпараттық жүйеде жұмыс жасау үшін 6 интерактивті тақта, информатика, пән кабинеттерінде,кітапханада мүмкіндіктер жасалған. ELearning бағдарламасы бойынша ЭОЖ қосылғанынан мектебімізге әр кластарға 30 моноблок, мультимедиалық кабинетке (№29) 16 компьютер, маркерный тақта, проектор сонымен қоса толық жиһаздарымен қамтылды.Акт залында заман талабына сай цифровой подиум және проекторы, тақтасы қосылған орнатылды.Кітапханаға 6 компьютер жихаздарымен қойылды.Мұғалімдер бөлмесінде жихазымен 2 компьютер қосылды. Математика кабинеті (мобильный класс аталады) 11 ноутбук сақтау сейфпен берілген. Ал, интерактивтік тақтасы жоқ кабинеттерге арналған 2 жылжымалы полотносымен ноутбук және проекторды қолдануға болады.Мектеп үлен жолақты (широкополосный) интернет желісіне қосылған, енді мұғалімдерден осы құрал жабдықтарды өз деңгейінде қолдану талап етіледі.

2008 оқу жылынан бастап мектепке дейінгі щағын орталық ашылып, 1 топқа 25 бала қабылданды. Шағын орталыққа қажетті жиһаздар, ыдыс-аяқтар, техникалық заттар, ойыншықтар алынды.

Мұғалімнің шығармашылық деңгейінің өсуі нәтижесінде дарынды балалармен жұмысты дамыту қажетт етеді.Дарынды баларды оқыту және дамыту қогамдағы шығармашылықпен айналысатын интеллектті жоғары адамдарды қалыптастыруқай қоғамда болмасын ойлау қабілеті дамыған, шығармашылықпен айналысатын талантты адамдар қажет, сондықтан қоғамдың міндеті осындай балаларды анықтап, қолдау көрсету. Мектепте дәстүрлі түрде кіші сыныптан бастап, пәндік олимпиадалар, интеллектуалдық марафондар, білім байқаулары өткізіледі, сонымен қатар балалар аудандық, облыстық, республикалық шығармашылық көрмелерге,байқауларға, халықаралық «Кенгуру» білім сайысына, Республикалық «Ақбота» интеллектуалдық марафондарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Похожие публикации:

31 март 2017 Мекен-жайымыз